Бас жаңалықтар
Елімізде заманауи сүтті-тауарлы ферма салынады
18 Шілде 2019, 04:50 149

Елімізде заманауи сүтті-тауарлы ферма салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А. Сапаровтың Ұлыбританиядан келген "United Green" ірі отбасылық инвестициялық компаниясының вице-президенті Амин Аджамимен кездесуінде белгілі болды.

 
Ведостводан хабарлағандай, кездесу аясында сүт саласын дамыту үшін министрліктің іске асырылып жатқан бағдарламалары бойынша түсініктемелер берілді, сондай-ақ Қазақстан аумағында қазіргі заманғы сүтті-тауарлы фермасын құру мүмкіндіктері талқыланды.

"United Green" - United Green ірі отбасылық инвестициялық компаниясы.  Компанияның жылдық айналымы шамамен 500 миллион АҚШ долларын құрайды, 850 миллион АҚШ доллар балансы, активтердің таза құны 650 миллион АҚШ доллары және 1350 қызметкері бар. Негізгі бағыттар-энергетика, жылжымайтын мүлік, азық-түлік. 2009 жылы компания жаңартылатын энергия көздері саласына кіріп, Оңтүстік Еуропа, Италия, Германия, Франция және Ұлыбританиядағы күн парктеріне инвестиция салды.

Осы қазіргі заманғы сүтті-тауарлы фермасын салудың негізгі міндеті экспортқа бағдарланған сүт өндірісін құру болып табылады. Жобаны іске асыру орны анықталады.

Айта кету керек, компания Жамбыл облысында қуаты 100 МВт "Бурное Солар"жобасын жүзеге асырды. Осы жобаны іске асыру сүт және сүт өнімдерінің көлемін ұлғайтуға, саладағы еңбек өнімділігін арттыруға, сондай-ақ сүтті мал шаруашылығы саласын бәсекеге қабілетті дамыту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.





Фото: дереккөз

Сізден жаңалық