Елімізде Ұлыбританияда анықталған жаңа мутация тіркелген жоқ – ДСМ

28 Желтоқсан 2020, 16:02
1251
Бөлісу:
Елімізде Ұлыбританияда анықталған жаңа мутация тіркелген жоқ – ДСМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты. 

Коронавирус анықталған осы жылы бұл вирус айтарлықтай мутацияға ұшырады. Себебі ол адамның рецепторларын зақымдау үшін процеске қосылады да көбеюге бейімделеді. Британдық ғалымдар анықтаған вирустың мутациясына келетін болсақ, бұл табиғи процесс. Вирустың реттілігі бізде де болып жатыр. Бүгінгі таңда елімізде мамырдан қыркүйекке дейін анықталған 140-қа жуық штамм ретке келтірілді. Бұл барлық 14 өңірден зерттелген штаммдар, - деді Есмағамбетова.

Оның айтуынша, Қазақстанда Германия, Испания, Украина, Ресей, АҚШ және Қытайда таралған штаммдар анықталған.

Осы вирустардың ішінде (қыркүйек айында бөлінген) елімізде Ұлыбританияда анықталған жаңа мутация тіркелген жоқ. Қазір қазаннан желтоқсанға дейін бөлінген вирустарды ретке келтіру үшін еліміздің барлық өңірінен материалдар жиналып жатыр, - деп толықтырды комитет басшысы.
Өзгелердің жаңалығы