Елімізде Ұлттық геологиялық қызмет құрылады – Әсет Ерғалиев

7 Қыркүйек 2021, 09:22
1474
Бөлісу:
Елімізде Ұлттық геологиялық қызмет құрылады  – Әсет Ерғалиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты.

Цифрландыру жөніндегі ұлттық жобаның аясында кемінде 100 мың жоғары білікті ІТ-маманын даярлау, цифрлық саладағы қызметтер мен тауарлардың экспортын 2025 жылға қарай кемінде 500 млн долларға дейін жеткізу жоспарланып отыр, - деп түсіндірді министр.
Оның айтуынша, инвесторларға кешенді сервистік қолдау көрсету мақсатында Ұлттық геологиялық қызмет құрылады.

Сонымен қатар шектеу қойылған кепілдіктегі активтерді экономикалық айналымға қайтару туралы заң жобасы әзірленеді. Отандық өнеркәсіп үшін шикізат тауарлар бағасының қолжетімділігін және көлемінің жеткіліктілігін қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірленеді.

Екінші бағыт – бойынша 8 іс-шараны іске асыру жоспарланып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген вакциналарды сатып алу жеделдетіледі. Медициналық бұйымдарға зертханалық және техникалық сынақтар жүргізу орталығын құру көзделіп отыр. «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы шеңберінде кемінде 12 санитариялық-эпидемиологиялық сараптама зертханасын жоғары технологиялық жабдықпен қамтамасыз етіледі, - деп баяндады ведомство басшысы.

Одан бөлек, отандық тауар өндірушілермен оффтейк-келісімшарттардың көлемі мен номенклатурасы кеңейтіледі.

Өзгелердің жаңалығы