Елімізде туристік жарна енгізу көзделіп отыр

10 Қазан 2019, 16:50
2005
Бөлісу:
Елімізде туристік жарна енгізу көзделіп отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы таныстырылды.

Заң жобасын Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев таныстырды. 

"Министрлік халықаралық тәжірибе негізінде "Tax Free" мен "туристік жарна" жүйелерін енгізуді ұсынып отыр. "Tax Free" жүйесінің негізгі мақсаты – алыс шетелден келетін туристер ағымын арттыру, ЕАЭО азаматтары саналмайтын шетелдік туристер үшін туристік тұтынушылық қабілеттің артуын ынталандыру, Қазақстанға келген шетелдік туристердің тұтынушылық шығынын көбейту. Аталған шара Еуропа одағы елдері, Жапония, Корея, Сингапур, Түркия мен басқа да мемлекеттердің халықаралық тәжірибесіне сай жүзеге асады. "Tax Free" жүйесі Еуразиялық экономикалық одақ аясында Беларусьте 2013 жылдан бастап, ал Ресейде 2018 жылдан бастап іске асырылып келеді", - деді Өркен Бисақаев. 

Вице-министрдің айтуынша, "туристік жарна", яғни Bed tax жүйесі қонақүй, отель, хостел сияқты орындарда тоқтаған шетелдік туристерден жарна жинауды қарастырады. Ведомство өкілінің мәліметінше, бұндай ереже Өзбекстан мен Ресей сынды көрші елдерде енгізілген. 

Шетелдік туристерден түскен жарна Қазақстан туризмін дамытуға ғана жұмсалмақ.

Өзгелердің жаңалығы