Елімізде тамақ өнімдерінің бағасы 10,4%-ға қымбаттаған

7 Қазан 2020, 01:50
1378
Бөлісу:
Елімізде тамақ өнімдерінің бағасы 10,4%-ға қымбаттаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдегі қант, сүт және ет өнімдерінің импорты 30%-дан асып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл сайын 3,6 млрд долларға шет елдерден азық-түлік алып отырмыз. Осының салдарынан карантин кезінде елімізде тамақ өнімдерінің бағасы былтырғымен салыстырғанда 10,4%-ға қымбаттаған. Ал бұл мәселені шешудің ең тиімді жолы – ғылымды дамыту. Бүгін «Ауыл» патиясының өкілдерімен кездескен ғалымдар осылай деді.

Ғылыми жобаларды жүзеге асыруға мемлекет тарапынан мүмкіндік жасалу керек. Мысалы, шалғай жатқан ауылдарда инженерлік-техникалық интеллегенцияның жоқтығы, экономикамызға кері әсерін тигізіп отыр. Ауылшаруашылық саласындағы техникаларды жаңартып, ауыр машиналар мен олардың қосалқы бөлшектерін өз елімізде шығаруға тиіспіз, -  деп есептейді ғалымдар.
Ғалымдар сондай-ақ бұрынғыдай тәжірибелік станциялар мен ұжымдастықты қайта жаңғырту керек екенін айтты.
Бүгін ғалымдарды тыңдадық, ғалымдардың түйткілді жағдайды, мына өндірісте болып жатқан кемшіліктердің барлығын тыңдадық, енді болашақта осы ғалымдармен бірге жұмыс істеп, осыны шешу жолдарын айқын тауып, резолюция ретінде Парламентке жолдаймыз, - деді «Ауыл» халықтық-демокартиялық патриоттық партиясының мүшесі Мұса Ұлтанбаев.

Өзгелердің жаңалығы