Коронавирус матрицасы: 9 өңір «жасыл» аймақта

6 Қараша 2021, 10:04
1155
Бөлісу:
Коронавирус матрицасы: 9 өңір «жасыл» аймақта

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі деректеріне сәйкес 9 өңір «жасыл» аймақта.

2021 жылғы 06 қарашада Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 8 390 029 адам, 2 - ші компонентін 7 651 170 адам салдырды, - делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар 6 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы мынадай:

«Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары.

Өзгелердің жаңалығы