Бас жаңалықтар
Елімізде сырқаттанудың тәуліктік деңгейі 2 есеге төмендеді
03 Тамыз 2020, 11:51 212

Елімізде сырқаттанудың тәуліктік деңгейі 2 есеге төмендеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде мәлімдеді. 

Қазір жаз мезгілі, көктемгі әлсіздік барын білеміз. Бірақ маска тағу қазіргі жағдайда аса қажетті шара. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, күні кеше ғана бұл ережеге жаңа өзгеріс енгізілді. Яғни, 5 жасқа дейінгі балаларға маска тақпауға және жеке топтық спорттық шаралармен айналысатын тұлғалар үшін бір топқа 5 адам алуына рұқсат берілді. Сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орындарында әлеуметтік қашықтықты сақтап, маскасыз жүруге рұқсат етілді. Шектеу шараларының күшейтілуі арқасында барлық өңірде соңғы 3,5 аптада сырқаттану деңгейінің төмендегені байқалады. Орташа есеппен елімізде сырқаттанудың тәуліктік деңгейі 2 есеге төмендеді, - деді ол.

Министр осы шаралардың арқасында елдегі инфекциялық және провизорлық төсек-орындар санының да қысқарғанын айтты.

Өздеріңіз білетіндей, маусым айында кейбір ауруханалардағы жағдай мүшкіл еді. Бүгінде стационарлар небәрі 34%-ға ғана қамтылған. Бұл да төсек-орын қорын кеңейтудің әсерінен болып отыр (48 997 төсек-орынға артты). Осылайша, еліміздің 7 аймағында 15-тей стационар жабылды немесе профильдендірілді. Дәл осындай жағдай жедел жәрдем қызметінде де байқалады. Маусым айының соңында кезек күттірмейтін қызмет тәулігіне 30 мың шақыруға баратын еді. Соңғы екі аптада жедел жәрдем шақыртулары екі есеге төмендеді, - деді ол.


Фото: дереккөз
Загрузка...