Елімізде шетелдік нөмірімен жүрген көліктерге айыппұл салынады

14 Қаңтар 2020, 18:22
2948
Бөлісу:
Елімізде шетелдік нөмірімен жүрген көліктерге айыппұл салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы "Жол жүрісі туралы" Заңда жазылған. Құжаттың 63-бабына сәйкес, барлық автомобильдер міндетті түрде Қазақстанда тіркелуі тиіс. Бұл тізімге "халықаралық жол қозғалысына қатысатын" және Қазақстанға бір жылдан аспайтын мерзімге әкелінген машиналар кірмейді, деп хабарлайды kolesa.kz.

Ал 65-баптың 2-тармағы "30 тәулікке дейінгі үзілістермен бір жылдан астам Қазақстан Республикасының аумағында қалған көлік құралы халықаралық жол жүрісінде деп есептелмейді" деп жазылған. Яғни, елімізде шетелдік есептегі көлікпен 12 ай жүруге болады, алайда ол үшін оны шетелге кем дегенде 30 күнге шығарып тұру қажет.

ҚР ІІМ ӘПК-нің мәліметі бойынша, елімізге ЕАЭО-дан 1 жыл бұрын әкелінген және қазақстандық есепке алынбаған барлық автокөліктер біздің елімізде заңсыз болып есептеледі. Полицейлер елге әкелінген көліктердің тізімін шекарашылардан сұратып алған. Енді мұндай автомобильдерді жолдарда "Поток", "Сергек" сияқты жүйелердің және патрульдік экипаждардың көмегімен анықтай бастайды. Кейін ұсталған көліктер арнайы тұрақтарға жөнелтіліп, иелеріне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады (ҚР ӘҚБК-ның 590-бабы, 2-бөлігі). Мұндай көлік иелерінде келесідей таңдау бар: не олар барлық алымдарды және керек болса кедендік рәсімдеудегі айырмашылықты төлейді, не машина тәртіп бұзушының есебінен Қазақстан аумағынан шығарылады. Осыдан кейін оны қайта әкелуге мүмкіндік болмайды. (Мұндай схема бірнеше жыл бұрын Қырғыстаннан әкелінген көліктерге қатысты жағдайда қолданылған еді).

Осыған орай, шетелдік нөмірмен 1 жылдам көп жүрген машина иелерінде бұл жағдайдан шығудың нақты үш жолы бар:

- барлық алымдарды төлеу және автокөлікті ресімдеу (бұған сену қиын, себебі бұл қымбат және барлық көліктер бастапқы тіркеу өлшемдеріне сәйкес келмейді);

- іздестіру жұмыстары басталғанға дейін көлікті Қазақстан шекарасынан кемінде 30 күнге шығарып тастап, кейін қайта әкелу (елден заңмен шығарылып тасталған көліктерге қатысы жоқ);

- көлікпен шетелге шығып, сатып жіберу.

Айта сала кетейік, сақтандырушы компаниялардың есебі бойынша, қазір Қазақстанда 168 987 азамат шетелдік есептегі машинамен жүр. Алайда мұндай көліктердің саны қазіргі кезде 200 000-ға жуықтап қалды деген де мәлімет бар.

Өзгелердің жаңалығы