Елімізде сүт өнімдері 7% қымбаттады

14 Қаңтар 2020, 10:15
2441
Бөлісу:
Елімізде сүт өнімдері 7% қымбаттады

Алматы, BAQ.KZ. Елімізде сүт өнімдерінің бағасы бір жылда 6,8% өскен. Бұл туралы energyprom.kz хабарлады.

2019 жылы еліміздегі инфляция деңгейі 5,3% құраған, алайда азық-түлік бағасы 8,2% қымбаттаған. Желтоқсан айының қорытындысы бойынша Қазақстанда қол сүтінің 1 литрі орташа есеппен 222 теңгені құраған, ал бір жыл бұрын ол 211 теңге болған, пастерленген сүттің 1 литрі – 251 теңге, 2018 жылы ол 228 теңге шамасында болған.

Елімізде сүт өндіру көлемі жылдан жылға өсіп келеді. Өткен жылдың 11 айында 509,3 мың тонна өңделген сүт пен кілегей шығарылған, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 476,3 мың тонна болған. Сүт өнімдерінің 30% Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі, сондай-ақ Алматы, Ақмола және Қостанай облыстары да көш басында тұр.
Өзгелердің жаңалығы