Елімізде сұранысқа ие 5 отандық көлік аталды

23 Қаңтар 2020, 13:20
2376
Бөлісу:
Елімізде сұранысқа ие 5 отандық көлік аталды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Бүгін Алматыда "Қазавтоөнеркәсіп" автомобиль саласы кәсіпорындары одағының стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Артур Мискарянның қатысуымен брифинг өтті.

Жиын барысында ол отандық автоөндірушілердің 2019 жылғы жұмыс нәтижесін баяндай келе өткен жылы өзімізде құрастырылған авто көліктердің 48% сатылғанын жеткізді.
Өзімізде құрастырылған автокөліктер сегментінде  "Азия авто" АҚ басымдыққа ие. 2019 жылы олар 21,2 мың автокөлік сатқан, бұл сатылған отандық автокөліктердің 48% құрайды. Қостанайлық "СарыарқаАвтоӨнеркісіп" ЖШС-сі 20,2 мың бірлік көлік сатқан, сегменттегі үлесі 45,5%, - деді ол.

Сонымен қатар, отандық автоөнеркәсіп өнімдерін сату рейтингі бойынша 1,5 мың бірлік автоөнімін сатқан "СемАЗ" ЖШ-сі тұр, "КАМАЗ-Инжинирнг" АҚ – 0,8 мың, "КАМАЗ- "Hyundai Trans Auto"  ЖШС - 0,4 мың бірлік және "Daewoo Bus Kazakhstan" ЖШС - 0,1 мың бірлік сатқан.
2019 жылы Қазақстанда құрастырылған жеңіл көліктердің ең сұранысқа ие бестігін Lada (15,1 мың бірлік), Hyundai (14,9 мың бірлік), KIA (3,7 мың бірлік), Ravon (2,9 мың бірлік) және Skoda (1,1 мың бірлік)   көліктері құрады.  Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалар тізіміне сондай-ақ JAC (1 мың бірлік), Chevrolet (0,7 мың бірлік) және UAZ (0,5 мың бірлік) кірді, - деді Артур Мискарян.

Өзімізде құрастырылған  өндірістің жеңіл автомобильдерін сату рейтингін Lada Granta бастап тұр екен,  2019 жылы дәл осындай  5,03 мың бірлік көлік сатылған. Екінші орында 4,8 мың бірлік сатқан Hyundai Tucson көлігі тұр.  Lada Vesta -3,7 мың, Lada 4x4 -3, 7 мың бірлік және Hyundai Accent -3,5 мың бірлік сатқан.

Сондай-ақ, елімізде Ravon Nexia R3 -2,9 мың бірлік көлік сатқан, Hyundai Creta -2,7 мың, Hyundai Elantra - 2,4 мың, Lada Largus -1,9 мың, KIA Rio -1,7 мың бірлік көлігі өткен.



Өзгелердің жаңалығы