Елімізде ресейлік көлікті тіркеуге қанша қаражат кететіні айтылды

8 Қараша 2021, 20:45
6221
Бөлісу:
Елімізде ресейлік көлікті тіркеуге қанша қаражат кететіні айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ІІМ-де өткен брифингте айтты.

Мемлекеттік кеден ставкасында көлікті тіркеу сомасы Салық кодексінде бекітілген. Оны төлеудің міндетін де солар көрсетеді. Нақты автокөліктерді тіркеуге келетін болсақ, ол көліктің маркасына,жылына, қозғалтқыш көлеміне және кедендік салық төлеміндегі мәртебесіне  байланысты болады. Әрбір көліктің түріне қарай жеке-жеке есептеледі,- деді Түсіпов.

Ол ресейлік көлікті сатып алған қазақстандықтардың тіркеу қымбатшылығына қатысты да пікірін айтты.

Ішкі істер министрлігі автокөлікті тіркеу кезінде мемлекеттік тіркеу нөмірі мен көлікті тіркеу куәлігі үшін ғана мемлекеттік бажды, яғни  өз құзырына кіретін қызмет үшін алады. Бұл қаржы өнім өндіруге бағытталады. Қалған жинақтар министрліктің құзырына жатпайды.  Жинақтың қымбатшылығы туралы айту біздің құзыретімізге кірмейді,- деді Түсіпов.

Өзгелердің жаңалығы