Елімізде ракпен ауыратын 29 науқас коронавирустан көз жұмған – бас онколог

4 Ақпан 2021, 12:27
1750
Бөлісу:
Елімізде ракпен ауыратын 29 науқас коронавирустан көз жұмған – бас онколог
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда өткен брифинг барысында ҚР Бас онколог дәрігері Диляра Қайдарова онкологиялық ауруы бар науқастардың қаншасы коронавирус жұқтырғанын айтты.

Біз қанша ескерткенімізбен, коронавирусты онкологиялық ауруы бар адамдар да жұқтырды. Қазақстан бойынша 2 549 науқас COVID-19-ды жұқтырған, олардың 29-ы қайтыс болды, - деді ол.

Оның айтуынша, қазір науқастардан вирустың жеңіл түрі расталса, олар 14 күн үйінде оқшауланады. Одан кейін ПТР тесттен өтеді, егер нәтижесі теріс болса, онкология бойынша емін қабылдай береді. Химия және ота жасардан бұрын науқастардың барлығының өкпесін компьютерлік томогорафияға түсіреді.

онкол1.jpeg


Сондай-ақ, ол «Онкологиялық ауруы бар науқастарға коронавирусқа қарсы вакцина салына ма?» деген сұрағымызға жауап берді. 

Вакцина салу бойынша америкалық дәрігерлердің ұсынымы бар. Онда науқастың жағдайына қарай вакцина салу ұсынылады. Егер науқастың денсаулығы нашар болмаса, оған вакцина салуға болады. Сондай-ақ, ағзасында антидене болса, оған вакцина салынбайды, - дейді Қайдарова. 

2020 жылдың қорытындысы бойынша республикада 100 мың тұрғынға шаққанда қатерлі ісік ауруы 173,5%-ды құраған. Абсолютті түрде 32 526 жаңа жағдай анықталған. Сырқаттанудың төмендеуі - 11,3%.


Өзгелердің жаңалығы