Елімізде құрылыс материалдарының бағасы қымбаттады

9 Қазан 2019, 09:28
4235
Бөлісу:
Елімізде құрылыс материалдарының бағасы қымбаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың басынан бері құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар, бөлшектер және конструкциялардың бағасының өсімі 1% құрады. Бұл туралы ҚР Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

2019 жылғы тоғыз айда ғаныш картонның бағасы 5,4%, қыш тақтайшалар мен тақталардың – 4,2%, цементтің – 3,5%, табақты шынының – 2,3%, битумның – 2,2%, ағаш материалдарының – 2%, құмның және шағылдың – 1,5%-дан өсті.

Әк 6,3%, бояулар мен эмальдар – 3,7%, құрылыс ертінділері – 0,9%, линолеум – 0,5% арзандады. 

стат.jpg

Фото: stat.gov.kz

2019 жылғы 9 айда құрылыстағы баға индексі 101,1%, құрылыс-монтаж жұмыстарына – 100,2%, машиналар мен жабдықтарға – 103,2%, өзге де жұмыстар мен шығындарға – 103,5% құрады.
стат 1.jpg
Фото: stat.gov.kz
Өзгелердің жаңалығы