Елімізде екі бағытта қосымша пойыздар қатынайды

18 Шілде 2019, 17:14
2383
Бөлісу:
Елімізде екі бағытта қосымша пойыздар қатынайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша бір реттік екі пойыздың қосылатыны туралы хабарлады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығының мәліметінше, қосымша пойыздар «Нұр-Сұлтан-Нұрлы-жол – Шу» және «Алматы-2 – Шымкент» бағыттары аралығында қатынайды.

- №200/219 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы-жол – Шу» бағыты бойынша

Нұр-Сұлтан қаласынан 31 шілде және 2 тамыз күндері сағат 9:57-де жөнелтіледі. Шу стансасына келу уақыты 20.00-де.

Кері бағытта Шу қаласынан 31 шілде және 2 тамыз күндері кешкі сағат 21:15-те шығады.

- №221/222 «Алматы-2 – Шымкент» бағыты бойынша

Алматы-2 вокзалынан 21 шілде күні кешкі сағат 20:15-те сапарға шығады. Кері бағытта Шымкент қаласынан 22 шілде күні 18:21-де жөнелтіледі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚТЖ жол билеттерінің тапшылығына шағымданғандарға жауап берді.

Өзгелердің жаңалығы