Елімізде QazVac-тан басқа тағы қандай вакциналар әзірленіп жатыр?
22 Қазан 2021, 18:52 17024

Елімізде QazVac-тан басқа тағы қандай вакциналар әзірленіп жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасына сұқбат берген Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ микроағзалар коллекциясы зертханасының меңгерушісі, философия докторы (PhD), ғалым, QazVac вакцинасын әзірлеушілердің бірі Қуандық Жүгінісов вакцинаға қатысты жаңалықтарымен бөлісті.

QazVac-тан басқа 4 вакцинаны әзірлеу үстіндеміз. Суббірлікті вакцинаны дайындап жатырмыз. Екі векторлық вакцина мен тірі вакцина жасалынуда. Суббірлікті вакцина деген ол коронавирустың өзінің вирусы емес. Ал коронавирустың өзінің толық вирусы болса, барлық белоктары, құрылымдары сақталады. Бұл суббірлікті вакцинада коронавирустың белгілі бір белогы ғана алынады. Ол вакцина да дайындалған соң зертханалық жануарларға тексерілді. Бірінші және екінші сынақтан өтіп жатыр, - деді ғалым.

Оның айтуынша, нәтижелері жаман емес.

Вакцина – қауіпсіз. Иммунитет жағынан да, қауіпсіздік жағынан да тексерістен өткізілуде, - деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін отандық вакцинаны әзірлеген ғалым екпе шығаратын зауыттың мүмкіндігі туралы айтқан болатынбыз.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...