Бас жаңалықтар
Елімізде қанша жеңіл автокөлік тіркелгені белгілі болды
14 Қараша 2019, 19:01 432

Елімізде қанша жеңіл автокөлік тіркелгені белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген жеңіл автокөліктердің саны 3,7 миллионға жетті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі  Статистика комитеті хабарлады.

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында елімізде 646,7 мың жеңіл автокөлік тіркелген, бұл 2018 жылдың осы аралығымен салыстырғанда 7,2% аз.

Сонымен қатар, осы тоғыз ай аралығында 11,5 мың жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 16,9 мың адам зардап шеккен. Жолдағы апат жағдайы бір жылда 3,4% артқан.

Сақтандыру ұйымдарымен 54,8 мың көлік иесі сақтандырылған және 21,3 млрд теңге сомасында сақтандыру төлемі жасалған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...