Елімізде «петиция» ұғымын ресми бекітетін құқықтық база әзірленіп жатыр – Балаева

23 Қазан 2020, 13:04
2120
Бөлісу:
Елімізде «петиция» ұғымын ресми бекітетін құқықтық база әзірленіп жатыр – Балаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау барысы туралы айтты.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында халыққа онлайн петициялар арқылы өз еріктіліктерін білдіруге мүмкіндік беру қажеттігін ерекше атап өткен болатын. Осыған байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі петиция тәжірибесін нақты іс-жүзінде қолданатын әлемнің 30-ға жуық елінің іс-тәжірибесін зерттеді. Көп елде петиция ұжымдық өтініш білдірудің электронды формасы болып саналады және заң жүзінде реттеледі. Осының негізінде петиция ұғымын нақты бекітетін және ұсыну мен қарау тәртібін реттейтін құқықтық база әзірленіп жатыр. Әрине, өтінішті міндетті түрде қарау үшін оған қажетті дауыс берушілердің шекті санын қарау қажет. Әлемдегі бұл көрсеткіш 10 мыңнан 100 мың адамға дейін қарастырылады, - деді Балаева. 

Ол атап өткендей, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі онлайн платформа құрудың техникалық мүмкіндіктерін әзірлейді. 

Түзетулердің әзірлеген блогы «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасына ілеспе заң жобасы ретінде енгізіледі, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы