Елімізде «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» көрмесі ашылды

30 Маусым 2021, 14:20
2198
Бөлісу:
Елімізде «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» көрмесі ашылды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілішісі. ҚР Ұлттық музейінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ғасыр саңлағы, күйші Дина Нұрпейісованың 160 жылдығы мен Ұлттық домбыра күні аясында «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.

Аталмыш шара күйшілік мектеп мықты дамыған қазақ жерінің батыс аймағында дүниеге келген ұлт мақтаныштары ғасыр саңлағы, күйші Дина Нұрпейісованың, Қазақстанның халық жазушысы Х. Ерғалиевтің, Қазақстанның халық әртістері Р. Ғабдиевтің және Қ. Ахмедияровтың биылғы мерейтойларымен ұштастырылып отыр.

Елімізде «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» көрмесі ашылды


Елімізде «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» көрмесі ашылды

Көрменің мақсаты Ұлттық домбыра күні аясында Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің қорында жинақталған домбыралар коллекциясы мен өнер иелерінің жеке тұтынған бұйымдары және өлкенің мәдени жетістіктерін дәлелдейтін ғасырлар бойы әр қазақтың төрінен орын алған қастерлі қара домбыраның мәртебесін жаңғырту.

Елімізде «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» көрмесі ашылды

Елімізде «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» көрмесі ашылды
Өздеріңіз білетіндей, 2018 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы жарлығымен Ұлттық домбыра күні жарияланған болатын. Біздің қазіргі мақсатымыз әлемге танылған керемет дәстүрлерімізбен бүгінгі домбыра күнін одан әрі жалғастыру. Неге десеңіздер, кейде өзіміздің руханилығымызға, негізгі бағытымызға арналған дүниелер қалып кететін де жағдайлар бар. Сол себепті Ұлттық музейімізде күйші Дина Нұрпейісованың 160 жылдығы мен музыкалық аспабымыздың мерекесіне орай ауқымды шара ұйымдастырып отырмыз, - деді ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Елімізде «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» көрмесі ашылды

Жиын Арыстанбек Мұхамедиұлының «Қорқыт ата» этноансамблімен бірге «Балбырауын» күйін ойнаумен жалғасын тапты.

Елімізде «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» көрмесі ашылды

 «Құрманғазы» поэмасын алғаш толғаған Х. Ерғалиевтің ерекше домбырасының көшірмесі ҚР Ұлттық музейіне сыйға тартылды.

Елімізде «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» көрмесі ашылды

Сонымен қатар Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов атаулы күнге орай өз тілегін білдірді.

Елімізде «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» көрмесі ашылды

Елімізде «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» көрмесі ашылды

Елімізде «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» көрмесі ашылды

Бүгінгі Домбыра күнімен барша отандастарымызды құттықтаймын. Күмбірлеген домбыраның үні батырларымызға рух, ақындарымызға шабыт берген. Домбыра әр қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазынамыз болуы тиіс, - деді ол.
Елімізде «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» көрмесі ашылды
Елімізде «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» көрмесі ашылды

Елімізде «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» көрмесі ашылды


Оның айтуынша, ұлтымыздың болмысына куә болған асыл мұра, қазаққа аты танымал өнер иелерінің қолданған домбыраларының Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде сақталуы атыраулықтар үшін үлкен мақтаныш.

Елімізде «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» көрмесі ашылды

Елімізде «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» көрмесі ашылды

Елімізде «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» көрмесі ашылды
Қазіргі кезде музей қорында жинақталған 88 домбыра бар. Атап айтқанда, халық әртісі Қаршыға Ахмедияровтың Елбасына сыйға берген домбырасы, 1836-1838 жылдардағы Ұлт азаттық көтерілісінің жалынды жыршысы ақын Махамбет Өтемісұлының, ғасыр саңлағы Дина Нұрпейісованың, әнші сазгер Жүсіпбек Елебековтің және тағы басқа өнер қайраткерлерінің домбыралары біздің көрмеде сақтаулы тұр, - деді Нариман Таушов.
Елімізде «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» көрмесі ашылды
Елімізде «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» көрмесі ашылды

Елімізде «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» көрмесі ашылды

Оның сөзінше, жанымызға сіңген аспап қандай қиын-қыстау кезең болмасын, ұлттың рухын көтерген. 

Елімізде «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» көрмесі ашылды

Елімізде «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» көрмесі ашылды

Елімізде «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» көрмесі ашылды

Біздің өткен өміріміз, келешегіміз осы қос ішекті домбырамен біте қайнасып жатыр. Гиннестің рекордтар кітабына еніп, даланың құнын, бабаның үнін жеткізе білген ұлттық жәдігерімізді қалай насихаттасақ та артық етпейді. Қазіргі уақытта індетті жеңуге де киелі домбыраның қоңыр үні әрбір қазақтың рухын көтеретініне сенімім мол, - деді Атырау облысы әкімінің орынбасары.
Елімізде «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» көрмесі ашылды

Елімізде «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» көрмесі ашылды

Елімізде «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» көрмесі ашылды

Олжас АДАЙ

Өзгелердің жаңалығы