Елімізде өзбек ұлтына барлық жағдай жасалған – Алишер Сатвалдиев

21 Қазан 2021, 11:25
3513
Бөлісу:
Елімізде өзбек ұлтына барлық жағдай жасалған – Алишер Сатвалдиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Түркістан облыстық қоғамдық-саяси «Жанубий Козогистон» газетінің бас редакторы Алишер Сатвалдиев мәлім етті.  

Сіздің биылғы Жолдауыңызда қазақстандық өзбектер үшін маңызды бағыт айтылды. Ол – ел ішіндегі еңбек күшінің ұтқырлығына қатысты жаңа ұстанымдар. Бұл сұрақ өзбек этносының қазақстандық қоғамға тереңірек интеграциялануымен тығыз байланысты. Өзбек халқы Түркістан облысындағы елді мекендерде жинақы қоныстанған. Халықтың тығыз орналасу нәтижесінде еңбек нарығында бәсекелестік тым жоғары болып, жер ресурстарының жетіспеушілігі орын алуда, - дейді ол. 

Оның сөзінше, халықтың осылайша шоғырлануының бір себебі – этностың өзіндік дәстүрлері мен менталитетіне байланысты.

Мысалы, біздің ұлтымызда перзенттері ата-анасынан алыстамайды – бірге немесе көрші қоныстанады. Дегенмен заман мен уақыт талабына сәйкес біз де өз өмірімізге тың өзгерістер енгізіп келеміз. Өзбек жастарының тек оңтүстікте тұрақтамай, өзге өңірлерде білім алып, түрлі мамандық иесі атанып, өз орнын табуына жағдай жасалған. Әсіресе, мемлекеттік «Серпін» және «Еңбек» бағдарламалары аясында, - деді ол.

Алишер Сатвалдиев бұл жұмысты табандылықпен жалғастыру қажеттігін айтты. 

Осы сәтті пайдалана отырып, біздің аға буыннан – жастарды қол астында ұстамай, ақ батасын беріп, өзге өңірлерге жіберуін сұрар едім. Ал облыс жастарына – еш нәрседен іркілмей, өзге аймақтарға батыл қадаммен баруды ұсынамын, - деп қортындылады сөзін ол.



Өзгелердің жаңалығы