Елімізде өткен аптада 3001 қылмыс жасалған

2 Тамыз 2021, 11:54
2909
Бөлісу:
Елімізде өткен аптада 3001 қылмыс жасалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде министрліктің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті.

Бір апта ішінде 3001 қылмыс жасалды, оның 2091 тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 7 кісі өлтіруді, 11 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 30 тонау және 509 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді ол.

Ол пандемия басталғаннан бері полиция қызметкерлерінің денсаулық сақтау органдарымен тығыз байланыста жұмыс істеп жатқанын айта кетті.

Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрес сияқты негізгі міндеттерінен басқа, екінші жыл коронавирустық пандемиямен күрес шараларының алдыңғы қатарында жүр. Азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында олар ерекше жағдайларда қызмет етеді, – деді Шұғыла Тұрлыбек.
Оның айтуынша, қазіргі таңда Ішкі істер министрлігі шектеу шараларының сақталуын бақылауда және денсаулық сақтау органдарына көмек көрсетуді жалғастыруда. 
Бүгінде 2 санитарлық және 4 блок-бекеттің жұмысы ұйымдастырылды. 289 карантиндік нысан және 5 жұқтыру ошағын күзету іске асырылады. Көлік объектілерінде санитарлық дәрігерлерге жолаушыларды іріктеп өткізуге көмек көрсетіледі, –дейді ведомство өкілі.


Өзгелердің жаңалығы