Елімізде өңдеу өнеркәсібінің қарқыны қандай?
10 Қараша 2021, 09:18 73

Елімізде өңдеу өнеркәсібінің қарқыны қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті.

Министр өңдеу өнеркәсібінің салалары бойынша есеп берді.

Бұл сала бойынша фармацевтикалық өнім өндіру 33,6%-ға, машина жасау – 19,5%-ға, оның ішінде автомобиль жасау – 23,4%-ға, вагондар мен локомотивтер өндірісі – 59%-ға, сондай-ақ құрылыс материалдары – 9,3%-ға, пластмасса бұйымдары – 36,5%-ға, дайын металл бұйымдары – 16,4%-ға, киім – 11,4%-ға және жиһаз – 11,8%-ға деңгейінде серпінді өсуді көрсетіп отыр, – деді ол.

Оның айтуынша, жыл басынан сыртқы сауда тауар айналымы 72,8 млрд долларын құрап ол 12,7%-ға өсті

Экспорт бойынша көрсеткіш 43,3 млрд долларына дейін жетті . Бұл ретте, өңделген тауарлар экспорты 25,5%-ға өсіп, 14 млрд долларына дейін жетті. Тауарлар импорты 29,5 млрд долларын құрады, – деді Ерғалиев.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...