Елімізде мал шаруашылығы дамып келеді

26 Мамыр 2020, 10:10
2490
Бөлісу:
Елімізде мал шаруашылығы дамып келеді
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында биылғы жылы мал шаруашылығының өсімі айтарлықтай жақсарғанын жеткізді.

Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталып отыр. Жыл қорытындысы бойынша жалпы өнім 2,3 трлн тг дейін өсті. Несиелендіру және қосымша субсидиялау арқылы былтырғы жылы жүзеге асырылған шаралар өзінің оң нәтижесін берді. Осы жылдың төрт айы бойынша елімізде мал өсімі байқалады: ірі қара мал 4,1%-ға, қой мен ешкі 2,7%-ға, жылқы 7,6%-ға өсті – деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, ет өндірісі 3,6 %-ға өсіп 314 мың тоннаны құраған. Сондай-ақ сүт өндірісі 3,2 %-ға өсіп 1,5 млн тоннаға жетсе, жұмыртқа өндірісі сыртқы нарықта сұраныстың төмендеуі салдарынан 6%-ға (1,6 млрд дана) азайған.
Қайта өңделген мал өнімдерін өндіру көлемі де артып отыр. Мәселен, шұжық өнімдері 20,9%-ға (18,8 мың тонна), ет консервілері 9%-ға (3 мың тонна), өңделген балық 51,3%-ға (3,9 мың тонна) өскен. Сүт өнімдері бойынша орташа өсім 10% деңгейінде сақталып отыр. Тек өңделген сүт өндірісінің көлемі карантин кезіндегі сұраныстың төмендеуінен және негізгі шикізатты ұзақ мерзімге сақталатын сүт өнімдеріне бағдарлауға байланысты төмендеді – дейді Сапархан Омаров.

Ол сонымен қатар, министрліктің жоспарына сәйкес биыл мал шаруашылығы өнімдері көлемінің қосымша өсімі 4,2%-ға (ИФО) немесе 2,6 трлн теңге болады деп болжанған. 
Биылғы жылдың төрт айы бойынша жалпы өнім көлемі 656 млрд теңге, жалпы өнім индексі 2,2%-ға артты. Барлық өңір бойынша жоспарлы индикативтер белгіленген және оған қол жеткізуге барлық мүмкіндіктер бар. Мал шаруашылығы секторында негізгі шаралар ірі қара малының аналық басын көбейтуге бағытталған. 2018 жылдан бастап аналық мал басын сатып алуға арналған фермерлік шаруашылықтарды несиелендіру бағдарламасы басталды. Осы уақыт ішінде 1,5 мың фермерлік шаруашылық несие алып мал сатып алды.Орта мерзімді перспективада трансұлттық компанияларды тарту арқылы зәкірлік кооперацияны дамыту міндеті бар. Фермерлік шаруашылықтарды құрудан күтілетін инвестициялар көлемі 350 млрд тг және сиыр етін экспорттау 2025 жылы 370 млн долларға жетеді – дейді министр.


Өзгелердің жаңалығы