Елімізде көздің қатерлі дертіне шалдыққандарға бірегей ота жасау қолға алынды

22 Қыркүйек 2021, 15:52
1884
Бөлісу:
Елімізде көздің қатерлі дертіне шалдыққандарға бірегей ота жасау қолға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Орталық Азияда алғаш рет ретинобластома дертіне ота жүргізу басталды. Көздің қатерлі дертіге шалдыққандар үшін бұл ем көру қабілетін сақтауға мүмкіндік береді.

Орталық мамандарының айтуынша, отаның бірегейлігі де осында болып отыр. Ретинобластомамен ауыратындар үшін селективті интраартериялық химиятерапияның жоғары технологиялық ағза сақтау емі жасалады.

Педиатрия орталығында көздің қатерлі ісігіне ота жасау үшін барлық жағдайлар жасалған. Мұнда арнайы медициналық жабдықтар, аппаратура және дайындығы бар мамандарымыз бар. Қазақстанда алғаш рет орган сақтауға мүмкіндік беретін СИАХТ операциясы басталды. Пандемияға байланысты клиникалық хаттама 2021 жылғы 25 тамызда ғана бекітілді. Осы уақыт ішінде біз 2 шеберлік сағатын өткізіп, 12 балаға операция жасадық, – дейді дәрігер-офтальмолог Елена Тян.

Ретинобластома балалардағы көзішілік ісіктердің 90% құрайды және жоғары қатерлі дерттің бірі. Ретинобластома бүкіл көз алмасын ісік тінімен толтырумен, көру жүйкесіне, көзұясына, миға қарай өсетін агрессивті ағыммен сипатталады. Ісік көру қабілетінің жоғалуы түрінде ғана қатерлі емес, сонымен қатар метастаздың және басқа мүшелердегі екінші қатерлі ісіктердің дамуына әкелуімен қауіпті.

Жыл сайын әлемде ретинобластоманың 8100 жаңа жағдайының диагнозы қойылса, оның 570-810-ы жаңа туылған кезде анықталады.

Ал статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын Қазақстан Республикасында көздің қатерлі ісігінің (ретинобластоманың) 20-25 жаңа жағдайы анықталады. 2015 жылдан бастап ретинобластомасы бар барлық науқастар Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында ем қабылдауда. Педиатрия орталығында Қазақ көз аурулары ҒЗИ-мен бірге лазерлі транспупиллярлы термотерапия, интравитреальді химиотерапия, криодеструкция емдері енгізілген, енді орган сақтау әдістерінің бірі – селективті интраартериялық химиятерапия қолданылатын болады.

Селективті интраартериялық химиятерапия емі Америка Құрама Штаттарында және Еуропада 15 жыл, Ресейде 10 жылдан бері қолданылып келе жатыр. Аталған елдерде ем жоғары тиімділігін дәлелдеді.

Өзгелердің жаңалығы