Елімізде коронавирусты анықтайтын жаңа тестілеу енгізілуі мүмкін

8 Сәуір 2020, 19:33
1185
Бөлісу:
Елімізде коронавирусты анықтайтын жаңа тестілеу енгізілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің инстаграм желісіндегі ресми парақшасында өткен тікелей эфир барысында дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының бас директоры Арнұр Нұртаев экспресс-тесттерге қатысты пікір білдірді.

Экспресс-тесттен өту – бұл саусақтан қан алу арқылы экспресс тәсілмен анықталатын классикалық иммунно-ферментті сараптау тәсілі. Ол ағзада антиденелердің бар-жоғын анықтап береді. Антидене дегеніміз – ағзаның инфекциямен күресі кезінде қалыптасатын денелер. Бұл тест адам ағзасында коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтамайды, ол адам коронавируспен ауырды ма және оның ағзасында антидене бар ма, соны анықтайды, - дейді Арнұр Нұртаев.

Ол ПТР-тестілеуге қатысты да ойымен бөлісті.
ПТР-тестілеу – диагностикалауға арналған зертханалық тест. Мысалы, адам вирус жұқтырып, инкубациялық кезеңде жүр делік. Алайда, оның ағзасында антиденелер әлі қалыптаспаған. ПТР-сараптау РНҚ вирусының 100 көшірмесін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өте дәлдігімен ерекшеленетін диагностикалық тест. Ол адам әлі вирус жұқтырып үлгермеген кезде диагностика жасап, аурудың алдын алуға көмектеседі. Барлық ПТР-тесттің нақтылығы 99,9% деуге болады, - дейді ол.
Өзгелердің жаңалығы