Елімізде коронавирусқа шалдыққан науқастар 3 есе азайған

4 Қараша 2021, 09:36
682
Бөлісу:
Елімізде коронавирусқа шалдыққан науқастар 3 есе азайған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысы барысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов хабарлады. Оның айтуынша, еліміздегі ковидтік стационарларға түсушілер көрсеткіші тұрақталып келеді.

Республика бойынша инфекциялық төсектердің қамтылуы 56%-дан 33%-ға төмендеген. Ал реанимациялық төсектердің қамтылуы 45%-дан 27%-ға дейін түсті. Резервте 30 мыңнан астам төсек-орын бар. Емдеуді жалғастырушылар саны азайды. Соңғы 3 айда науқастардың саны 3 есеге қысқарды, - деп атап өтті вице-министр.

Айта кететін жайт, еліміз бойынша соңғы екі айда сырқаттану 2,8 есеге азайған. Ал өлім-жітім бұрынғыға қарағанда 4,1 есеге төмен.

Еске сала кетейік, бұған дейін қай өңірлерде оқушылар арасында коронавирус өршіп тұрғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы