Елімізде коронавирусқа қарсы ревакцинация қашан басталады?

27 Қыркүйек 2021, 15:56
13236
Бөлісу:
Елімізде коронавирусқа қарсы ревакцинация қашан басталады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәжілісі барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Сондай-ақ ол ревакцинация мәселесі әлем мемлекеттерінің барлығында орын алғанын хабарлады.

Қазақстанда жетекші ғалымдар, клиницист, дәрігерлер мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлерінен тұратын жеке жұмыс тобы құрылды. Біз жетекші халықаралық агенттіктер, ДДСҰ мен өзге де ұйымдардан ақпараттарды сұраттық. Дәл қазіргі сәтте қол жеткізілген тәжірибелер жинақталып жатыр, - деді Алексей Цой.

Оның айтуынша, қазір нақты өлшемшарттар жоқ көрінеді. Бұған коронавируспен әлем алғаш рет бетпе-бет келуі себеп деп отыр.

Дәл осы COVID-19-ға қарсы ревакцинация бүкіл әлем үшін бұрын болмаған нәрсе. Барлық деректерді жинақтап болған соң жақын уақытта Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты халықты иммунизациялау бойынша консультациялық комиссияның қорытындысынан соң сарапшылар тобы тұжырымдама ұсынады, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Бұл туралы міндетті түрде хабардар етеміз деген министр дайындық барысына да тоқталды.

Медициналық нысандардың дайындығына келсек, біз толық дайынбыз деуге болады. Барлық егу пункттері дайын, дәрігерлер оқытылған, шешім қабылданған осы бүкіл ел бойынша толыққанды режимде жұмыс істеуге кіріседі, - дейді Алексей Цой.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізге Pfizer вакцинасының қашан әкелінетіндігі белгілі болғандығы туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы