Елімізде коронавирус соңғы екі аптада 11%-ға төмендеген

4 Қараша 2021, 09:20
740
Бөлісу:
Елімізде коронавирус соңғы екі аптада 11%-ға төмендеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысы барысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов хабарлады. 

Оның айтуынша, әлемдік рейтингке сәйкес, 222 елдің ішінде Қазақстан сырқаттану көрсеткіші бойынша 105-орында.

Ал өлім көрсеткіші бойынша 102-орында тұр.

Бүгінгі күні елімізде «жасыл» аймақта 9 өңір: Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласы бар. «Сары» аймақта Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары тұр. «Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан, – деп атап өтті Марат Шоранов.
Вице-министрдің хабарлауынша, республика бойынша соңғы екі айда сырқаттану 2,8 есеге төмендеген.
Ал өлім-жітім 4,1 есеге азайды. Бұл эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын көрсетеді. Репродуктивтік саны 0,93-ті құрайды, – деді ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы