Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі төмендеген

28 Қыркүйек 2021, 09:28
7705
Бөлісу:
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі төмендеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. 

Оның айтуынша, әлемде тәулігіне коронавирус инфекциясын жұқтырған 300 мыңнан астам жағдай тіркелетін көрінеді.

Бүкіл әлемде індет жұқтырған 230 миллионнан астам жағдай тіркелді. 4,7 миллионнан астам адам қайтыс болды. ДДСҰ Еуропалық аймағының деректері бойынша соңғы екі аптада 54 мемлекеттің 22-сінде аурушаңдық деңгейі артқан. Соңғы 14 күнде Украинада аурушаңдық өршіп, бір аптада аурушаңдық 100%-дан артты. Польшада, Венгрия мен Молдовада – 77%-ға дейін, Армения, Түркия, Беларусь елдерінде 16%-дан 30%-ға дейін көбейді, - деп атап өтті Алексей Цой.

Ол ЕуроДДСҰ 32 мемлекетінде, атап айтқанда, Испанияда – 57%, Швейцария, Франция мен Әзербайжанда – 40%, Қырғызстанда – 36%, Грузияда – 32%, Италияда – 28%, Израильде – 21%, Германияда – 18%-ға төмендеген. Елімізде де індеттің беті бері қараған сыңайлы.

Еліміз бойынша аурушаңдықтың төмендеуі байқалып отыр. Соңғы екі аптада аурушаңдық 36%-ға төмендеді, - деді Денсаулық сақтау министрі.
Өзгелердің жаңалығы