Бас жаңалықтар
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтыру азайған
14 Қыркүйек 2021, 09:28 90

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтыру азайған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, коронавирус инфекциясына байланысты әлемдегі жағдай әлі де тұрақсыз болып отыр.

Әлемде COVID-19-бен байланысты барлығы 224 млн-нан астам жағдай анықталған көрінеді. Тәулігіне 300 мыңнан астам жағдай тіркеледі. 4,6 млн-нан астам адам қайтыс болған.

ДДСҰ-ның Еуропалық аймағының деректеріне сүйенсек, соңғы екі аптада 54 елдің ішінде 26 мемлекетте аурудың өсуі байқалып отыр. Соңғы 7 күн ішінде Венгрияда індет күрт күшейіп, жағдай 100%-дан асып кетті. Украина, Польша мен Молдавияда 60-тан 80%-ға дейін ұлғайды. Австрия, Германия мен Беларусь мемлекетінде 30-дан 50%-ға дейін көбейіп отыр. Черногория, Армения мен Израильде 8-ден 20%-ға дейін артты, - деп атап өтті Алексей Цой.

Сондай-ақ біршама елдерде індеттің беті бері қараған сыңайлы. Атап айтар болсақ, инфекция таралуы Испанияда 60%-ға, Францияда 40%-ға, Грузияда 39%-ға, Әзірбайжанда 16%-ға, Италияда 13%-ға, Швейцарияда 12%-ға, Ресейде 9%-ға төмендеген.

Қазақстанда соңғы екі аптада аурушаңдық деңгейі жалпы 14%-ға, яғни аптасына 31 мыңнан 25 мыңға дейін азаюы байқалды. ДДСҰ-ның бағалауы бойынша республикада репродуктивті мөлшері соңғы 4 апта бойы 1-ден төмен. Бұл пандемияның бақылауда екендігін және аурудың тұрақты төмендеуі орын алғанын білдіреді. Оң қарқын эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына да әсер етті. Соңғы екі аптада еліміздің 5 өңірі – ШҚО, Жамбыл, Қызылорда, БҚО, СҚО «қызылдан» «сары аймаққа» ауысты. Түркістан облысы – «жасыл аймақта». Қалған 11 өңір «қызыл аймақта», - деді Денсаулық сақтау министрі.


Фото: дереккөз
Загрузка...