Елімізде көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы өседі

3 Қаңтар 2022, 19:51
1392
Бөлісу:
Елімізде көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы өседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 2022 жылы кәмелетке толмаған төрт және одан көп баласы бар отбасыларға төленетін жәрдемақының мөлшері ұлғаяды.

Бұл туралы sputnik.kz хабарлады.

Қазақстанда кәмелетке толмаған 4 және одан көп немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Ол отбасының кірісіне қарамастан барлық көпбалалы жанұяға бала санына қарай төленеді.

2022 жылы оның мөлшері:

  • 4 балаға – 16,03 АЕК немесе 49 100 теңге;
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 61 382 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 73 665 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 85 948 теңге;

8 және одан көп баласы бар отбасыларға 32,06 АЕК немесе 98 200 теңге және одан кейінгі әр бала үшін 4 АЕК.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға табысына қарамастан төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы 6,4 АЕК немесе 2022 жылы 19 603 теңгеге тең болады.

Өзгелердің жаңалығы