Елімізде кең жолақты интернет желісімен 117 қала мен 3324 ауыл қамтылған

3 Маусым 2020, 11:30
1769
Бөлісу:
Елімізде кең жолақты интернет желісімен 117 қала мен 3324 ауыл қамтылған

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің бүгінгі отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендерде Интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы заң жобасы қаралды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсина аталған заң жобасы төңірегінде баяндама жасап, ауылдық жерлерді интернетпен жабдықтауда кездесетін басты проблемаларға тоқталды.

Бүгінгі таңда кең жолақты интернет желісіне қол жеткізу қызметтерімен 117 қала және халқының саны 250 адамды және одан көп 3324 ауыл қамтылған, өкінішке қарай 2 мыңдай ауылда мұндай мүмкіндік жоқ. Осыған байланысты Мәжіліс пен Сенат депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендерде Интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ұсынылып отырған заң жобасына бастамашылық жасады,-деді ол.
Оның айтуынша, қаралып отырған заң жобасында мобилді байланыс желілеріне арналған антенналық құрылыс жайлар салуға жер телімдерін алу рәсімін оңайлату көзделген. 
Қазіргі уақытта операторлар базалық ұялы байланыс станцияларын салу үшін жалға алынған жер телімін міндетті түрде нысаналы мақсатынан өзгерту қажет. Соның нәтижесінде телекоммуникация жабдығын салу 1,5-2 жылға дейін созылып кетіп жатыр. Осыған байланысты Жер кодексіне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар байланыс операторларына жалға алынған жер теліміне олардың нысаналы мақсатын өзгертпей және оңайлатылған схема бойынша антенна-машталық құрылыс салуға мүмкіндік береді,-деді ол. 
Сонымен қатар, ол Сәулет құрылыс бақылау басқармасының базалық-станцияларды салу кезінде жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы талабын алып тастауды ұсынды. ҚР Сәулет қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңға толықтыру еңгізу ауыл тұрғындарын мобилді байланыспен қамтамасыз ету процесін тездететін көрінеді. 

Сондай-ақ, ол  заң жобасында жергілікті атқарушы органдардың ұялы байланыс желілерін салуға арналған орын беруге жәрдемдесу жөніндегі құзыретіне толықтыру еңгізіліп отырғанын айтты.

Бұл ұялы байланыс операторларының  негізгі проблемалардың бірі. Яғни меншік иелерінің тұрғын ғимараттарға немесе оларға жақын жерге базалық ұялы байланыс станциясын монтаждауға келісім бермеуі. Заң жобасымен жергілікті атқарушы органдардың құзіретіне еңгізілетін толықтырулар осындай мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, - деді депутат.

Өзгелердің жаңалығы