Елімізде қай банкнотты қолдан көп жасайды

25 Наурыз 2021, 10:14
2093
Бөлісу:
Елімізде қай банкнотты қолдан көп жасайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылмен салыстырғанда, Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер анықтаған жалған ақшалар көлемі былтыр 38%-ға азайды және 823 жалған банкнот пен монетаны құрады (2019 жылы 1 319 банкнот пен монета).

Төмендеуге әсер еткен негізгі себеп – қазіргі карантиндік шаралар мен шектеулер, өйткені, қолдан ақша жасайтындар әдетте жалған ақшаны базарларда, жанармай құю бекеттерінде және шағын азық-түлік дүкендерінде өткізіп жібереді.

Ұлттық банктің мәліметінше, қолдан көп жасалатын ақшаға 2 000 және 5 000 теңгелік банкноттар жатады. Жалпы көлемнің 42,5% және 37,6%. 

Жалған банкноттардың көп бөлігі Алматыда (554 дана, немесе 67,3%), аз мөлшері еліміздің батыс өңірінде анықталды.  



Өзгелердің жаңалығы