Елімізде қанша бала Pfizer вакцинасын салдырғаны белгілі болды

17 Қараша 2021, 13:22
1036
Бөлісу:
Елімізде қанша бала Pfizer вакцинасын салдырғаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният хабарлады. Оның айтуынша, республика бойынша коронавирус инфекциясына қарсы балалар вакцинациясы жүргізілуде.

Бүгінгі таңда бүкіл ел аумағында 3300 бала індетке қарсы вакцина алды. Pfizer вакцинасын салу жоспарлы, жүйелі түрде, ата-аналардың келісімімен, дәрігерлердің рұқсатымен жүзеге асырылуда. Сонымен бірге жүкті әйелдер мен бала емізетін аналар да екпе алып жатыр, - деп атап өтті вице-министр.

Сондай-ақ ол балаға коронавирусқа қарсы екпені мектеп қабырғасында салу мәселесіне де тоқталды.

Біріншіден, бұл – баланың күнделікті таныс ортасы. Екіншіден, мектепте екпе алу - қауіпсіз. Өйткені емханаға басқа да ауырып отырған пациенттер барады. Сол себепті баланың инфекция жұқтыру қаупі артады. Вирустық аурулар белең алып тұрған эпидемиологиялық кезеңде балалардың денсаулығына қатер болмауы үшін мектептегі екпе кабинеттерінде ұйымдастыруды ұйғардық, - деді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Pfizer вакцинасы салынатын екпе пунктінен репортаж жасаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы