Елімізде КАМАЗ ЖАҚ-пен бірлесіп экспортқа бейімделген өнім өндіріледі

16 Шілде 2019, 00:39
1499
Бөлісу:
Елімізде КАМАЗ ЖАҚ-пен бірлесіп экспортқа бейімделген өнім өндіріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстан Республикасының аумағында жетекші белдіктердің басты берілісін өндіру және жүк автомобильдері үшін шойын құйма өндіру бойынша жобаларды іске асыру бойынша ниеттестік туралы келісімге қол қоюға қатысты. 

Құжатқа индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр, «КАМАЗ» ЖАҚ бас директоры С. Когогин, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов және «БРК - Лизинг» АҚ басқарма төрағасы Н. Байбазаров қол қойды. 

"Келісімді іске асыру аясында арнайы техника, белдіктер, шойын құймалар өндіретін зауыт құру жоспарланған. Сондай-ақ, техникалық персоналдың құзыреттіліктерін дамыту, кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта біліктілік беру бойынша ҚР-да баламасы жоқ инжиниринг орталығы ұйымдастырылады. Инжиниринг орталығы Қазақстанда түрлі салалар үшін жоғары деңгейдегі мамандарды даярлауға мүмкіндік береді", - деп жазады primeminister.kz. 

Келісім Қазақстан аумағында белдіктер мен құймалардың заманауи жоғары технологиялы өндірісін құруға бағытталған. Бұл ретте экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздік әлемдік стандарттарға сай келетін технологиялар пайдаланылатын болады. 

Зауыттарда шығарылатын өнімдердің 100 пайыз экспортқа бағдарланатынын және соңында Ресейдің, ТМД елдерінің барлық аймақтарына,  Daimler AG неміс концернінен түсетінін айта кеткен жөн. 2018 жылы неміс концерні компания акционері болды. 

Келісімді іске асыру барысында 2,5 мыңнан аса жаңа біліктілігі жоғары жұмыс орындары ашылады. 

Анықтама: «КАМАЗ» компаниялар тобы — Ресей Федерациясының ірі автомобиль корпорациясы. Өндірістік қуаттылығы жылына 71 мың автомобильді құрайды. 

«КАМАЗ» ЖАҚ ұйымдар тобы Ресей, ТМД және алыс шетел аумағында 109 компанияны қамтиды. 2018 жылы компания акционері Daimler AG (Mercedes Benz) неміс концерні болды. 

«КАМАЗ» ЖАҚ технологиялық тізбегінде барлығы 33,5 мың адам жұмыс істейді.  



Өзгелердің жаңалығы