Елімізде IT индустрия өте қарқынды дамып келеді – Мусин

28 Қазан 2021, 12:44
13408
Бөлісу:
Елімізде IT индустрия өте қарқынды дамып келеді – Мусин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ЕХРО конгресс орталығында өтіп жатқан Digital Bridge 2021 халықаралық форумында айтылды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин алдымен қатысушыларды форумның ашылуымен құттықтады.

Кеше Президентке бірнеше IT шешімді, Astana Hub-тың жұмысын, сондай мемлекеттер құрылымдар жөнінде бірнеше жұмысты таныстырған болатынбыз. Бізде IT индустрия өте қарқынды дамып келеді. Мысалы, мемлекет пен IT қоғамдастықтың арасындағы синэнергия алдыңғы қатарда жүруде және қазіргі кезде жақсы нәтижелерді көріп отырмыз. Оның нәтижесін халықаралық ұйымдардың рейтингісінен байқауға болады. Мысалы, біз БҰҰ-ның рейтингі бойынша 29-орындамыз, ал онлайн қызметтер бойынша 11-орында тұрмыз, - деп айтты министр.

Мусин осы қарқынды жоғалтпау керегін айтты. Себебі қазір заман қарқынды даму үстінде.

Кеше Президентке 5 минуттың ішінде автотіркелуді көрсеттім. Менің ойымша, барлық мемлекетте мұндай сервисті қолдануға мүмкіндігі бар деп айта алмаймын. Банк қосымшаларына кіріп, 4-5 батырманы басып, қажетті затты алуға болады. Бұл, шын мәнінде, ауқымды жұмыс, - деді ол форумның ашылуында.

Өзгелердің жаңалығы