Елімізде індет жұқтырғандар саны 135-ке жетті

27 Наурыз 2020, 19:06
1559
Бөлісу:
Елімізде індет жұқтырғандар саны 135-ке жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам Нұр-Сұлтан қаласында тiркелді. Бұл туралы еліміздегі коронавирусқа қатысты ресми ақпарат көзі хабарлады.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 69 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, жалпы 135 науқас тіркелді.

Ал еліміз бойынша коронавирустан 3 адам жазылып, бір адам қайтыс болды.

Өзгелердің жаңалығы