Бас жаңалықтар
Елімізде халықтың 70 пайызы суы жоқ, ағаш өспейтін шөлейт жерде тұрады
16 Қыркүйек 2021, 14:16 366

Елімізде халықтың 70 пайызы суы жоқ, ағаш өспейтін шөлейт жерде тұрады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы саясаттанушы, Nur Otan партиясының қалалық филиалының баспасөз хатшысы Самат Нұртаза «Желмая» жобасында айтты.


Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы жолғы халыққа Жолдауында су проблемасы болатынын ашық айтқан. Елімізде су мөлшері жыл өткен сайын азая бермек.

ҚР Президентінің биылғы халыққа Жолдауында айтылған ерекше тұсының бірі су мәселесі болды. Қазақстан территориясының 70 пайызы суы жоқ жер. Яғни халықтың 70 пайызы суы жоқ, ағаш өспейтін, шөлейт жерде тұрады. Жайық, Сырдария, Іле және Ертіс өзендері бастауын шет мемлекеттен алады. Сол үшін ол елдер бізге ықпал ете алады. Сондықтан елімізде суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру керек. Бізде әлі күнге дейін суды үнемдеу дұрыс жолға қойылмаған. Қарапайым мысал, тіс тазалағанда кранды өшірмейтін адамдар бар,-дейді саясаттанушы.

С. Нұртаза суды үнемдеп, дұрыс пайдалануды үйрену керек дейді. Өйткені ертең судың бағасы бензиннен де қымбат болуы мүмкін. Сондықтан бұл мәселе халықты алаңдатпай қоймайды.

Сонымен қатар ол алдағы 30-40 жылда әлемдегі соғыстар суға таластан болатынын жеткізді.

Кезінде Өзбекстанның бұрынғы президенті марқұм Ислам Каримов «Амударияны қысқартсаңдар, біз қаруға жүгінеміз» деп Тәжікстан президентіне доқ көрсеткен кездері болған. Әр мемлекет өз мүддесін қорғайды. Мәселен, Ертіс өзені Өскемен, Семей және Павлодар қаласын басып өтеді. Соны кейбір адамдар неге бұрып алмаймыз деп жатады. Оны қалай бұрып аласың, ол ары қарай Ресейге барады. Қазір Қытай бұл өзеннің бойында СЭС салып жатыр, суды бұлай бұрудың арты келешекте соғысқа апарады,-дейді ол.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...