Елімізде газдың жарылуынан 90-ға жуық адам зардап шеккен

28 Қыркүйек 2021, 12:57
2538
Бөлісу:
Елімізде газдың жарылуынан 90-ға жуық адам зардап шеккен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин хабарлады. Оның айтуынша, жыл басынан бері газды тұрмыстық мақсатта тұтынатын нысандарда 51 жағдай орын алыпты.

Соның салдарынан 88 адам зардап шегіп, 16 адам қайтыс болды. Газ-техникалық инспекция қызметінің құқықтық негіздерін қамтамасыз ету үшін «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңға сәйкес түзетулер енгізілген. Ол бойынша газ-техникалық инспекция қызметкерлеріне газ тұтынатын жүйелерге қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды бақылау құзыретін беру қарастырылды, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ қазіргі уақытта бақылаудың аталған саласындағы тәуекел деңгейі мен тексеру парақтарын бағалау өлшемшарттарын бекіту бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатқан көрінеді.

Тұрмыстық газ баллондарын пайдалануды тиімді бақылау мәселелерін заңнамалық тұрғыда реттеу бойынша жұмыстар жалғасуда. Халықтың ескі және мерзімі өткен баллондарды қолдануы жағдайды күрделендіріп отыр. Қауіпсіздік талаптарын бұза отырып, үйіндегі газ баллонын өздеріне жақын орналасқан авто-газ-жанармай станцияларынан толтыруды дағдыға айналдырған, - деді Юрий Ильин.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда әр 36-шы өртте адам өлімі тіркелетіндігі туралы жазған болатынбыз.



Өзгелердің жаңалығы