Елімізде газдың шекті бағасы бекітілді

6 Қаңтар 2022, 14:39
8798
Бөлісу:
Елімізде газдың шекті бағасы бекітілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Үкімет еліміздің барлық өңірінде газдың шекті бағасын бекітті. Шекті баға 180 күнге белгіленді. Бұл туралы Премьер-Министрдің ресми сайты мәлімдеді.

Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында – газдың литрі 50 теңге ( 200 шақырымнан асатын шалғай аудандар үшін – литріне 55 теңге) болып белгіленді. 

Шымкент қаласында Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарында газдың литрі 60 теңгеден (200 шақырымнан асатын шалғай аудандар үшін - литріне 65 теңге) сатылады. 

Алматы қаласында литрі 65 теңге болады. 

Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында газдың литрі 70 теңге ( 200 шақырымнан асатын шалғай аудандарда – литріне 75 теңге) болып бекітілді.

Айта кетерлігі, сұйытылған мұнай газын электронды сауда алаңдары арқылы сатуға толықтай ауысу бір жылға кейін шегерілді.

Өзгелердің жаңалығы