Бас жаңалықтар
Елімізде "бірыңғай есеп күні" өтеді
16 Қыркүйек 2019, 13:28 365

Елімізде "бірыңғай есеп күні" өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы 30 қыркүйекте Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және 14 облыс әкімдіктері «Бірыңғай есеп күнін» өткізеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.

«Бірыңғай есеп күні» ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылды. Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты заңнама талаптарын бұзудың алдын алу, сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырады.

«Бірыңғай есеп күні» аясында бақылау-қадағалау органдары кәсіпкерлер алдында есеп береді және олармен мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі идеяларды талқылайды.

Кездесуге әкімдіктердің, бақылау-қадағалау органдарының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері, прокуратура органдары, сондай-ақ «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысады.

Кәсіпкерлер осы мүмкіндікті пайдаланып, бақылау-қадағалау органдарына сұрақ қою болады.

«Бірыңғай есеп күнін» өткізу уақыты мен орны туралы толығырақ ақпарат әр қалада 20 қыркүйектен кейін әкімдіктердің ресми сайттарында және әлеуметтік желілерінде жарияланады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...