Елімізде электромобильге деген сұраныс 5 есе азайған

4 Маусым 2019, 17:07
1606
Бөлісу:
Елімізде электромобильге деген сұраныс 5 есе азайған

Алматы, BAQ.KZ. «ҚазАвтоПром» Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындарының одағы» 2019 жылдың 5 айында тіркелген автокөліктер динамикасы туралы мәлімдеді.

«Жыл басынан бері әкімшілік полиция 576 829 көлік құралын  тіркеген. Бұл өткен жылғы осы аралықпен салыстырғанда 15% жоғары. Оның ішінде 540 305 көлік екінші техникалқ тіркеуден өткен, яғни қожайындары ауысқан. Алғаш тіркелген көліктер саны 36 524 құраған, бұл өткен жылдан 24,7% жоғары», - делінген хабарламада. 

2019 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Қазақстан аумағында 7 электромобиль тіркелген. Өткен жылы осындай 35 көлік тіркеліпті. 7 электромобильдің бесеуі Tesla моделінікі, сондай-ақ оған Алматы мен Алматы облысының тұрғындары иелік етуде.

Өзгелердің жаңалығы