Елімізде «E-Salyq Bussines» мобильді қосымшасы іске қосылады
01 Қараша 2021, 12:53 145

Елімізде «E-Salyq Bussines» мобильді қосымшасы іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «E-Salyq Bussines» мобильді қосымшасын іске қосу туралы» тақырыбында өткен брифингте ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев мәлім етті.

Ол мемлекеттік кірістер комитетімен «E-Salyq Business» мобильді қосымшасы әзірленгенін, 2022 жылдан бастап арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, жаңа арнаулы салық режимін енгізу көзделген айтты.

Салық салудың жаңа режимін қолданатын кәсіпкер салық есептілігін ұсынудан босатылады. Мобильді қосымша салықтар мен әлеуметтік төлемдерді чектер арқылы анықталған табысқа қарай автоматты түрде есептейді. Мемлекеттік кірістер комитеті «E-Salyq Business» мобильді қосымшасынын бірқатар сервистерін көрсетті. Сонымен қатар «E-Salyq Business» жаңа мобильді қосымшасын Play market-тен жүктеуге болады, -деп атап өтті ол.

Іңкәрбаевтың сөзінше, жаңа мобильді қосымшаны қолдану бойынша Жамбыл және Ақмола облыстарында әзірше пилоттық жоба өткізілуде.

Мемлекеттік кірістер комитеті «E-Salyq Business» мобильді қосымшасын 400 мың дара кәсіпкер қолданады деп күтілуде. Мобильді қосымшаны енгізу арқылы салық міндеттемелерін орындау процесі айтарлықтай жеңілдетіледі. Айта кетейін, жаңа мобильді қосымша тегін, -дейді ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...