Елімізде дәрі-дәрмек экспорты азайып, кіріс жоғала бастады

23 Қыркүйек 2020, 08:46
1295
Бөлісу:
Елімізде дәрі-дәрмек экспорты азайып, кіріс жоғала бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус етек жайған тұста отандық препараттар экспорты 5,4% азайды. Қазақстандық компаниялар 1,3 млн доллар кіріс жоғалтқан, деп хабарлады «Хабар 24».

2019 жылы инвестиция көлемі 8,1 млрд теңгеге жеткен еді. Коронавирус салдарынан қазақстандық фармацевтикалық экспорттық өнімнің бір бөлігі өз елімізде қалатын болды. 2020 жылдың 5 айында өндірілген отандық өнімнің көлемі 150,6 млн долларға жетсе, оның 22,6 млн доллары – экспортқа тиесілі.

Қазір біздің нарықта өндірілетін дәрілер – аналогтар. Аналогтар ішкі нарықта емес, сыртқы нарықта да экспорттандырылады. Ресей – 80 пайыз, Қырғызстан – 2-орында, Монғолия, Түрікменстан. Пандемия басталған кезде медициналық маскалар шығаратын кәсіпорындардың қуаты екі есеге артты және күніне 340 мың данаға жетті. Сонымен бірге, «Тыныс» АҚ кәсіпорны айына 500 данаға дейін ИВЛ аппараттарын шығарады, - деді «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ салалық даму орталығының бас сарапшысы Дина Жәнібекова.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметі бойынша, 2020-2025 жылдарға арналған фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамыту жөніндегі кешенді жоспар аясында бірнеше шаралар жүзеге асырылады. Фармацевтика өндірісін 2,5 есеге, яғни 92-ден 230 миллиард теңгеге дейін арттыру міндеті тұр. Ал дәрі-дәрмектің экспортын 174 млн долларға дейін ұлғайту көзделген. Сарапшылардың айтуынша, біздің өндіріс халықаралық талаптарға сай жұмыс істейді.

Дәрілер нормативті құжат бойынша, біріншіден, толық сараптамадан өтеді. Көрсеткіштері толық тексеріліп, сапасы, тиімділігі тексеріледі. Теріс нәтиже берілсе, кері қайтарылады. Аналогтары қызу түсіретін, антибиотик, бетперде көптеп шығарылады, - деді дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы Жанәділ Нысанбаев.

Коронавирус басталғалы бері отандық кәсіпорындар қайта пайдаланылатын қорғаныш костюмдер және медициналық қолғаптар тіге бастады. Ал медициналық бетперделер күніне 1,2 млн данаға дейін өндіріледі.

Өзгелердің жаңалығы