Бас жаңалықтар
Елімізде бизнестің өндіріс саласы бос жатыр – кәсіпкер
21 Ақпан 2020, 17:45 184

Елімізде бизнестің өндіріс саласы бос жатыр – кәсіпкер

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде өндірісті жандандыратын кез келді. Бұл бағытта Қазақстанның әлеуеті зор, оны шетелдік сарапшылар да жиі айтып келеді. Бұл туралы меценат Вахид Гассанов жастардың "Топ 100" жобасының ашылуында айтты. 

Кәсіпкер жастар алдында сөз сөйлеп, өз тәжірибесімен бөлісе келе қазір немен айналысып жатқанын айтып берді. 
Қазір біз тұрмыстық химия тауарларын өндіруді қолға алдық. Әсіресе ыдыс жууда, автокөлік жуу кезінде қолданылатын құралдарды шығарып жатырмыз. Мұның барлығы өз елімізде өндіріледі. Дәл қазіргі уақытта 500-ден аса адамды жұмыспен қамтып отырмыз, - деді ол.
Сондай-ақ ол осы жылы "Асылым" деген атаумен текстиль өнімдерін шығаруды қолға алғандарын жеткізді. 
Бұған дейін президент көптеген өндіріс орындары мен сауда орталықтарының шетел атауына ие екенін айтып, сынға алған болатын. Расымен де, бізде ағылшын, француз атаулары қаптап кетті. Өзіміздің қазақ тілінде мағыналы әдемі сөздер өте көп, соларды неге қолданбасқа. Біз өз тарапымыздан "Асылым"  деген атауға тоқталып, қазақстандық брендті қалыптастырудамыз, - деді ол. 
кек1.jpeg

Одан бөлек ол, жастарды ел игілігі үшін қызмет етуге шақырды.
Бізге шетелден келіп ешкім жасап бермейді, келсе де өздерінің жеке  пайдалары үшін келеді. Сондықтн елімізде өндірісті жандандыратын кез келді. Бұл бағытта Қазақстанның әлеуеті зор, оны шетелдік сарапшылар да жиі айтып келеді. Өйткені еліміз Азия мен Батысты жалғап жатқан ел, яғни тауар жеткізуде үлкен әлеуетке иеміз. Оның үстіне елімізде бизнестің өндіріс саласы бос жатыр. Соны игеруіміз керек, - деді В. Гассанов. 

Сондай-ақ ол қазір мемлекеттік тілді білу өте маңызды екенін айтып өтті. 
Менің ата-бабам соғыстан кейін қапқаз жақтан жераударылған. Атам әрдайым “балам ең бірінші қазақша сөйлеп үйрен, бұл сенің қазақ халқына көрсеткен құрметіңнің бірі болсын” деп айтып отыратын. Сол үшін мен қазақ мектебіне бардым, - деді кәсіпкер. 

Оның айтуынша, тіл білген алам әдеп-ғұрып пен салт-дәстүрді тереңнен түсіне бастайды.

 


Фото: автордан
Загрузка...