Елімізде бірлескен зейнетақы аннуитеті енгізілмек

24 Ақпан 2021, 13:57
2565
Бөлісу:
Елімізде бірлескен зейнетақы аннуитеті енгізілмек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға зейнетақы аннуитеті келісімшарттар бөлігіндегі түзетулер» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Сақтандыру нарығын дамыту басқармасының бастығы Сағи Әжібек айтты.

БЖЗҚ салымшылары зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе емделуге ақы төлеу, сонымен қатар, зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру үшін БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен өздерінің зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмсай алады. Бұл экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері бойынша заң шеңберінде күшіне енген өзгерістерге сәйкес қолжетімді болып отыр, - деді ол.

Сағи Қалиұлының айтуынша, зейнетақы аннуитеті өнімдерінің желісін кеңейту мақсатында биыл зейнетақы аннуитеті шартына бір адамның ғана емес, ерлі-зайыптылардың (жақын туыстарының) қатысуын көздейтін бірлескен аннуитеттерін енгізу жоспарлануда.

Бірлескен аннуитет ерлі-зайыптылардың (жақын туыстардың) зейнетақы жинақтарын біріктіруге және аннуитет шарты бойынша кірістерді қайта бөлуге мүмкіндік береді. Мысалы, егер бір жұпта ӨСК (өмірді сақтандыру компаниясы) аннуитетті сатып алу үшін зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болса, ал екіншісінде артығымен болса, онда бірлескен зейнетақы аннуитеті арқылы екеуіне де өмір бойы төлемдер қамтамасыз етіледі, - деп қорытындылады спикер.


Өзгелердің жаңалығы