Елімізде бір тәулікте 358 адамнан пневмония анықталды

3 Қыркүйек 2021, 08:50
897
Бөлісу:
Елімізде  бір тәулікте 358 адамнан пневмония анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

1.09.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 358 жағдайы және 21 өлім жағдайы тіркелді.

Оған қоса 170 адам емделіп шықты. 13 наурыздан 2020ж. барлығы: ауырғандар – 70608, 4506 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 58796-ға жетті.


Өзгелердің жаңалығы