Елімізде бір аптада 3 мыңнан астам қылмыс жасалған

22 Қараша 2021, 12:34
830
Бөлісу:
Елімізде бір аптада 3 мыңнан астам қылмыс жасалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ведомствоның ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек хабарлады. Оның айтуынша, бір апта ішінде елімізде 3004 қылмыс жасалған.

Оның 2055-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 8 кісі өлтіруді, 11 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 44 тонау және 489 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деп атап өтті ведомство өкілі.

Сонымен қатар ІІД «Криминалист анықтамалығы» мобильдік қосымшасын әзірлеген. Бүгінгі таңда қазақстандық криминалистер, тергеушілер мен анықтаушылардың жұмысына ыңғайлылық үшін заманауи технологияларды енгізуде.

Сондай-ақ мобильдік қосымшаның қағаз нұсқасы да дайындалды. Биыл криминалист мамандар түрлі із бен өзге де заттай айғақтар алынған 59,5 мың оқиға орнын тексеруге қатысқан, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрі ипотекалық несиенің құрбаны болған қарағандылықтың ісін жеке бақылауына алғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы