Елімізде азық-түлік бағасы 17,9 пайызға өскен

5 Мамыр 2022, 11:35
1514
Бөлісу:
Елімізде азық-түлік бағасы 17,9 пайызға өскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында Ұлттық Банктің төрағасы Ғалымжан Пірматовтың азық-түлік бағасы 17,9 пайызға өскенін айтты.

Қазақстанда тұтыну көлемінің өсуі инфляцияға қысым көрсетіп отыр. Инфляция осы жылғы сәуірде13,2%-ға дейін жеделдеді. Азық-түлік тауарларының бағасы ең көп 17,9%-ға өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі 11,1%-ға, ақылы қызметтер бағасының өсуі 8,9%-ға дейін жеделдеді, - деді Ұлттық Банк басшысы.

Оның сөзінше, проинфляциялық қысымның өсуі аясында Ұлттық Банк дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жүргізіп келеді.

2022 жылғы 24 ақпанда Ұлттық Банк геосаяси жағдайдың нашарлауына байланысты қаржылық және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін базалық ставканы 13,5%-ға дейін көтерді. Базалық мөлшерлеме көтерілгеннен кейін ақпанда халықтың теңгедегі салымдары бойынша Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры ұсынатын шектіставкалар да көтерілді, - дейді ол.

Сонымен қоса, Пірматов атап өткендей, Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп, жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша республикалық бюджеттің қаражаты есебінен өтемақы төлеуді көздейтін Теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасы жариялады.

Өзгелердің жаңалығы