Демалыс күндері елімізде ауа райы жауын-шашынсыз болады

23 Тамыз 2019, 12:55
1570
Бөлісу:
Демалыс күндері елімізде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 24-26 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

"Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аймағынан атмосфералық фронттармен циклон жылжып, соның салдарынан батыс облыстарында найзағаймен жаңбыр және көптен күткен ыстықтың басылуы күтіледі. Күндізгі ауа температурасы +35…40°С-тан кейін, 20…30°С-қа дейін төмендейді. Сондай-ақ, республиканың солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарының кей жерлерінде найзағаймен жаңбыр, желдің дауылды күшеюі күтіледі. Қазақстанның оңтүстік-шығысының кей жерлерінде найзағаймен өткінші жаңбыр күтілуі мүмкін", - делінген хабарламада. 

Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері қалған аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, орталықта және шығыста күндіз ауа температурасының +25…35°С дейін жоғарылауы болжанады.


Өзгелердің жаңалығы