Елімізде алғаш рет "Нан күні" аталып өтті

17 Қазан 2019, 00:16
2874
Бөлісу:
Елімізде алғаш рет "Нан күні" аталып өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 қазанда Қазақстанда алғаш рет "Нан күні" аталып өтті, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл күн 2019 жылғы 16 қыркүйектегі ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген.

"Ақсай" нан-тоқаш комбинаты базасында нан күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Марат Оразаев құттықтау сөз сөйлеп, нан комбинатының еңбеккерлерін марапаттады.

Жыл сайын республикада 700-720 мың тонна нан өндіріледі, бұл өз өндірісі есебінен елдің ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Нан-тоқаш өнімдерін өндірудің жалпы көлеміндегі үлесі (1 556,4 млрд теңге) 14,6% (224,9 млрд теңге) құрайды.

Нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер экспортының көлемі 11,7 мың тоннаны, импорт – 75,7 мың тоннаны құрады. Жалпы, 2018 жылы 800,8 мың тонна нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер тұтынылды, импорт үлесі – ішкі тұтынудың жалпы көлемінің 9,4%-ын құрады.

Нан өндірушілер халықтың нанға деген сұранысын қанағаттандырумен ғана емес, сонымен қатар нарықта сұраныстың болуына байланысты шығарылатын өнімнің ассортиментін кеңейтумен де белсенді жұмыс істейді. Бұл негізінен нан-тоқаш, ұзақ және аз мерзімге сақталатын ұннан жасалған кондитерлік өнімдер.

АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын АӨК субъектілері (оның ішінде нан өндірушілер) үшін мынадай мемлекеттік қолдау шаралары көзделіп отыр:

- айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі оны теңгемен жылдық 5%-ға, негізгі құралдарды сатып алуға теңгемен жылдық 10%-ға төмендету жолымен субсидияланады. Субсидияны беру тәртібі мен шарттары ҚР премьер-министрінің орынбасары – ҚР ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы №436 бұйрығымен бекітілген;

- нан өндіруге есептелген ҚҚС сомасын 70%-ға азайту.

Сондай-ақ, "қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесіне субсидиялаумен несиеленетін бағыттар тізіміне "нан өндірісін" енгізу мәселесі қарастырылуда.

Өзгелердің жаңалығы